Агенттік мәліметінше, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон иран азаматына Ораза айт құрметіне рақымшылық берген.
Аты-жөні хабарланбаған иран азаматы отанына оралған. Оның Тәжікстанда қашан және қандай қылмыс жасағаны үшін сотталғаны белгісіз.
Тәжікстан билігі Иранның ел түрмесіндегі соңғы азаматы бостандыққа шыққаны туралы ресми мәлімет таратпады.
2021 жылғы сәуірде Тәжікстан мен Иран тұтқын алмастырған. Бұл туралы сол кезде IRNA иран ақпарат агенттігі хабарлаған. Мәліметті Иранның Тәжікстандағы елшісі Мұхаммад Токи Собири твиттерде растаған. Екі жыл бұрын Тәжікстан елдегі колонияларда отырған екі иран азаматын берген, ал Тегеран Душанбеге қамаудағы бір тәжік азаматын тапсырған. Иран Ислам Республикасы әділет министрлігі иранның тағы бір азаматына тәжік президенті рақымшылық бергенін хабарлаған. Айта кетерлік жайт, сол кезде тәжік билігі елдегі жабық мекемелерде иран азаматы қалмады деп мәлімдеген.
2015 жылғы ресми мәліметке қарағанда, сол кезде Тәжікстан түрмелерінде он шақты иран азаматы отырған.