Ссылки доступа

Тәжік билігі экс-судья Рустам Сайдахмадзоданың қанша жылға сотталғанын жасырып отыр  


Рустам Саидахмадзода
Рустам Саидахмадзода

Тәжікстанның Соғды облысы Бобожон Гафуров аудандық сотының бұрынғы судьясы Рустам Сайдахмадзода өзіне шыққан сот үкіміне қарсы Жоғарғы сотқа арызданды. 

Айыпталушының адвокаты да, туыстары да оның қанша жылға сотталғанын айтпады. Тәжікстанның Жоғарғы соты да бұл бойынша мәлімет бермеді.

Тәжікстан тарихында билік бірінші рет айыпталушының қанша жылға сотталғанын жасырып отыр.

Осыған дейін Озоди радиосы дереккөзіне сүйеніп, прокурордың соттан Рустам Сайдахмадзодаға тоғыз жыл сұрағанын хабарлаған.

Сот процесі жабық өтті.

44 жастағы Рустам Сайдахмадзода былтыр 29 шілдеде ұсталған. Бір аптадан кейін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Сайдахмадзоданың "соттың беделіне нұқсан келтіргені үшін" жұмыстан алу жөнінде жарлық шығарған.

Рустам Саидахмадзода шулы іске ақтау үкімін шығарғаннан кейін халық арасында танымал болды. Тәжікстанда соттар ақтау үкімін сирек шығарады.

XS
SM
MD
LG