Ссылки доступа

Өзбекстандағы тәжік мектептерінде оқулық жетіспейді (видео)


В таджикских школах Сариасии наблюдается острая нехватка учебников
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:36 0:00

Өзбекстанның Сұрқандария облысы Сариасия ауданындағы тәжік мектептерінде оқулықытар мен тәжік тіліндегі әбеди кітаптар жетіспейді.

Сариасия тұрғындарының айтуынша, кейінгі жыолдары тәжік тілінде оқытатын мектептер қайтадан ашыла бастады, бірақ оқулықтар мен ана тіліндегі әдеби кітаптар жетіспейді.

Ислам Каримов билігі тұсында Өзбекстанда тәжік мектептері азайып, жоғары оқу орындарында тәжік тілін оқытатын факультеттер жабылған.

2018 жылдан бері Сұрқандария обылысы Сариасия ауданындағы N 82 орта мектепте сабақ тек қана тәжік тілінде өтеді. Бұған дейін мектеп оқушылары тәжік және өзбек тілдерінде білім алатын.

Мектеп орналасқан ауыл тұрғындарының бәрі - тәжік. Ұстаздар ана тіліндегі оқулық жетіспейді деп отыр. "Оқулықсыз қиын. Кейде сабақты телесюжеттер, интернет материалдары, мобильді телефонға түсірілген видео көмегімен өткізуге тура келеді", дейді мұғалім Дилором Кудратова.

Тағы бір ұстаз Жамшед Нарзуллоевтың айтуынша, мектеп сапалы оқулықтарға аса зәру. Кітаптарды Тәжікстанда тәжік ғалымдары жазып шығуы керек.

N 82 орта мектепте 400 оқушы бар. Мұғалімдердің айтуынша, мектеп кітапханасын оқушылар ғана емес, ауылдың үлкен тұрғындары да пайдаланады. Бірақ кітапханада тәжік тілінде кітап аз. "Біз Тәжікстан мен Өзбекстандағы әдебиетшілер мен ғалымдармен араласқымыз келеді. Балалар кітап оқу арқылы ғана әдеби тілін шыңдай алады", деп есептейді мектеп директорының орынбасары Суннатулло Рахмонов.

Сариасия ауданындағы басқа тәжік мектептеріндегілер де оқулық пен әдеби кітап жетіспейтінін айтып отыр.

Тәжікстан білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, былтыр "Өзбекстанда жаңадан ашылған тәжік мектептеріне 17 түрлі пән бойынша 85 оқулық жолданған".

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанның Сұрқандария облысы Сариасия аудандағы 172 мың тұрғынның 73 мыңнан астамы - тәжік.

XS
SM
MD
LG