Ссылки доступа

Ауған әйелі тәжік президентінен көмек сұрады


Ауғанстан әйелі Тәжікстан президентіне хат жазып, осы елде жазасын өтеп жатқан күйеуін Талибан үкіметіне беруін сұрады. Ол күйеуінің әрі қарай жазасын отанында өтегенін қалайды. 

41 жастағы ауған азаматы Азизулло Муроди былтыр Тәжікстанда ұсталған. Сот оны есірткі тасымалымен айыптап, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Ол қазір Хожент абақтысында жазасын өтеп жатыр.

Оның әйелі Сахрагул Абдукарим тәжік президенті Эмомали Рахмонға хат жазып, күйеуін Ауғанстанға аударуды сұрады.

Оның айтуынша, отбасында он бала бар. Шекара жабық болғандықтан, күйеуімен кездесуге бара алмай жатыр.

Тәжік билігі әзірге бұл хатқа жауап бермеді.

2010 жылы Тәжікстан мен Ауғанстан өзара тұтқындарды алмасу бойынша келісімге келген.

2019 жылы тәжік билігі Ауғанстанға 48 азаматын берген.

Ресми мәлімет бойынша, тәжік түрмелерінде жүзге жуық ауған азаматы бар.

XS
SM
MD
LG