Елші былтыр бірнеше тәжік журналисінің сотталғанына алаңдайтынын айтты.
"Тәуелсіз БАҚ шынымен демократияны дамытуда, жемқорлықпен күресте және қоғамға шынайы ақпарат жетізуде өте маңызды қызмет атқарады. Сөз еркіндігі - америкалық қана емес, бүкіл әлемге тән құндылық" деп мәлімдеді елші.
Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күні америкалық дипломат былтыр Тәжікстанда бірнеше жыл ұсталғанын, содан кейін жабық өткен соттар оларды ұзақ мерзімге түрмеге қамағанын еске салды. Елшінің пікірінше, журналистер мен БАҚ-қа кәсіби міндетін атқарғаны үшін қысым жасалмауы тиіс.
Тәжікстанда былтыр 8 журналист пен блогер ұсталып, солардың жетеуі тыйым салынған ұйымға мүше деген айыппен ұзақ мерзімдерге сотталды. Журналистердің бәрі тағылған айыптарды жоққа шығарды.
"Шекарасыз тілшілер" халықаралық медиа ұйымы 3 мамырда Баспасөз еркіндігінің әлемдік индексін жариялады. Онда Тәжікстандағы баспасөз еркіндігінің жағдайы "өте нашар" деп сипатталған.
Дегенмен Тәжікстан үкіметі елде журналистерге қысым жасалып жатыр дегенді жоққа шығарып отыр. Душанбедегі форумда мәдениет министрлігінің өкілі Рахмонәли Шерәлиев "елде БАҚ-тың дамуына қажетті жағдай жасалған" деп мәлімдеді.