Ссылки доступа

NeMolchi.uz жобасының авторы Өзбекстаннан кетті 


NeMolchi.uz жобасының авторы Ирина Матвиенко.
NeMolchi.uz жобасының авторы Ирина Матвиенко.

Зомбылыққа қарсы NeMolchi.uz жобасының авторы, құқық қорғаушы Ирина Матвиенко Өзбекстаннан шығып кетті. Бұл туралы Instagram парақшасына жазды. 

"Қоқан- лоқы алғаннан кейін, менде үрей күшейді. Жұмысқа барып-келудің өзі қорқыныш туғызды", - деп жазды Ирина Матвиенко.

Ол 28 сәуірде өзіне қауіп төнгеннен кейін құқық қорғау органдарына хабарлағанын, қазір тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

Матвиенконың сөзінше, Өзбекстаннан кеткеніне қарамастан, NeMolchi.uz жобасы бұл өлкедегі құқықтары бұзылған әйелдердің мәселесін көтере береді.

NeMolchi.uz 2017 жылы құрылған тәуелсіз жоба. Оның мақсаты әйелдерге қарсы жасалған зорлық-зомбылыққа қоғам назарын аудару.

NeMolchi.uz Ургенч қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жасөспірім қыздар он ай бойы мемлекеттік қызметкерлермен жыныстық қатынасқа баруға мәжбүрленгенін бірінші болып жазған. Ирина Матвиенко өзіне төнген қауіптің осы мәселеге қатысы бар-жоғын нақты айта алмайтынын жеткізді.

XS
SM
MD
LG