Соңғы алты айдан бері 37 тергеуші, ондаған арнайы қызмет өкілдері оларға айып тағуға дәлел таппай жатқанын, өздеріне және туыстарына негізсіз қысым күшейгенін, моральдық тұрғыдан сындыру және президенттен кешірім сұрату әрекеті жүріп жатқанын айтты.
"Біз барынша шыдап келдік. Әділеттілік болар деп үміттендік. Біз сізден ешқашан кешірім сұрамаймыз. Себебі, біз мемлекет, ел, заң алдында күнә жасаған жоқпыз. Керісінше, Конституцияны, заңдарды сіз екі жылдан бері командаңызбен бұзып жатырсыз. Сондықтан өзіңіз бізден кешірім сұрап, президенттік қызметтен өз еркіңізбен кетсеңіз дұрыс болады деп есептейміз", - делінген үндеуде.
Қамалғандар өзіне тағылған айыптарды саяси қуғындау деп есептейді.