Ссылки доступа

Қырғыз премьер-министрінің кеңесшісі жемқорлық айыбымен ұсталды


Темірбек Еркінов
Темірбек Еркінов

Қырғыз-венгр даму қоры басқармасының төрағасы, үкімет басшысы Ақылбек Жапаровтың кеңесшісі Темірбек Еркінов 3 шілдеге дейін қамауға алынды.

Бішкектің 1-май аудандық соты 4 мамырда осындай шешім қабылдады. Еркінов ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің тергеу изоляторында отыр. Бұл туралы аудандық соттағылар Азаттықтың Қырғыз қызметіне хабарлады.

Ақпарат құралдарының мәліметінше, Темірбек Еркіновті арнайы қызмет жемқорлық қылмысына қатысты бұған дейін қозғалған іс аясында ұстаған.

Арнайы қызмет әзірге мәліметті растаған жоқ.

Темірбек Еркінов 2021 жылғы қарашада құрылған қырғыз-венгр даму қоры басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалған. Мәліметтерге қарағанда, қор капиталы 50 миллион доллар.

Темірбек Еркінов Қырғызстанның Бангладештегі құрметті консул болған. 2010 жылы парламент сайлауына түскен.

XS
SM
MD
LG