Ссылки доступа

Қамаудағы тәжік адвокаты өзіне қозғалған төртінші іс бойынша пікір білдірді 


Тәжікстанда 28 жылға сотталған адвокат Бузургмехр Ёров өзіне қарсы қозғалған төртінші қылмыстық іс бойынша пікір білдірді.  

Адвокаттың айтуынша, өзіне қарсы іс түрмеде отырған Хасан Хасанов деген азаматтың арызы бойынша "алаяқтық" бабымен қозғалған. Арызда Ёров пен оның туыстары Хасановқа заңдық көмек көрсетеміз және түрмеден шығарып аламыз деп 42 400 мың сомони (4 мың доллардан астам) алғаны, бірақ уәдесін орындамағаны жазылған.

Тәжікстан ІІМ өкілі Озоди радиосына бұл іс бойынша пікір білдіре алмайтынын, себебі "құпия" деген гриф басылғанын айтады.

"Біз Хасан Хасановты жақсы білеміз, ол 2018 жылы 26 жылға сотталған. Оған дейін ол біздің қормен жұмыс істеп, қамаудағы адамдар туралы мәліметтер жіберіп отырған. Ол Бузургмехрға қарсы арызда биліктің айтуымен жазды деп ойлаймыз", - деді Жамшед Ёров.

Бузургмехр Ёров Тәжікстанда "Исламның қайта жаңғыруы" партиясының сотталып жатқан мүшелерінің құқықтарын қорғай бастағаннан кейін, 2015 жылы қамауға алынған. Ол 2017 жылы "алаяқтық" және "жалған құжат әзірлеу" баптары бойынша 28 жылға сотталған. 2021 жылы "Рақымшылық туралы" заңмен оның қамаудағы мерзімі төрт жылға қысқарған.

2019 жылы БҰҰ-ның Негізсіз қамаулар бойынша жұмыс тобы Бузургмехр Ёровты соттау арқылы Тәжікстан "халықаралық заңды бұзғанын" білдіріп, тәжік билігін оны тез арада босатуды шақырған.

XS
SM
MD
LG