Мәлімдемеде Украинаға қарсы агрессивті соғысқа қатысып жатқан ресейлік әскери техника көрсетілгені айтылған.
Онда сонымен бірге Ресей президенті Владимир Путиннің "украиндерді өлтіріп жатқанын, қалалары мен ауылдарын талқандап жатқанын, балаларын ұрлап және оккупацияланған украин аймақтарының тұрғындарына қарсы репрессияларды ақтағанын" атап өткен.
"Іс-шараның алдында Ресей Украинаны одан сайын қирату үшін 25 қанатты зымыранын ұшырды", - делінген мәлімдемеде.
9 мамырда Мәскеудің Қызыл алаңында Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанының 78 жылдығына арналған әскери парад өтті. Бұл жолғы парадқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан президенттері мен Армения премьер министрі қатысты. Сонымен бірге Беларусьтан Александр Лукашенко барды.