Ссылки доступа

Сердар Бердымұхамедов мемлекеттік сапармен Душанбеге келді


Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедов
Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедов

Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедов 10 мамырда мемлекеттік сапармен Тәжікстанға келді.

Мәліметтерге қарағанда, Душанде халықаралық әуежайында оны Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода күтіп алды.

Сердар Бердымұхамедов бір жыл бұрын әкесі Гүрбанғұлыдан билікті қабылдап алғалы бері Тәжікстанға бірінші рет келіп отыр.

Екі күнге созылатын мемлекеттік сапар барысында түркімен басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесіп, бірнеше құжатқа қол қояды.

2021 жылғы қыркүйекте президент Эмомали Рахмон Түркіменстанға сапарлап барып, Түркіменстанның сол кездегі басшысы Гүрбанғұлы Бердымұхамедовпен келіссөздер жүргізген. Соның нәтижесінде екі ел арасы біршама жібіген. Көрші елдердің қарым-қатынасының суып кетуіне Түркіменстанның өз аумағы арқылы тәжік жүгін үш жыл бойы өткізбеуі себеп болған. Себебі тәжік жағы 2017 жылы Түркіменстан-Ауғанстан-Тәжікстан темір жолы құрылысын қолдамайтынын мәлімдеген.

Бердымұхамедовтің Тәжікстанға сапары 10-11 сәуір аралығында өтуі тиіс болған, бірақ Сердардың әжесінің қайтыс болуына байланысты мемлекеттік сапар кейінге қалған.

XS
SM
MD
LG