Ссылки доступа

CPJ Душанбені тәжік журналисі Хуршед Фозиловты бостандыққа шығаруға шақырды 


Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect Journalists - CPJ) Тәжікстан билігін наурыз айының басында қамауға алынған журналист Хуршед Фозиловты босатуға шақырды. 

8 мамырда жариялаған мәлімдемесінде CPJ ресми Душанбені елде қамалған және сотталған басқа журналистерді де бостандыққа шығаруға үндеді.

"Хуршед Фозиловтың тыйым салынған ұйымдармен жұмыс істеу туралы ойдан шығарылған айыппен қамауда отырғанына екі ай болады", - деп жазылған мәлімдемеде.

37 жастағы журналист Хуршед Фозилов биыл 6 наурызда ұсталған. Аймақтық журналист жергілікті және халықаралық басылымдармен жұмыс істеп, негізінен Зерафшан аймағындағы тұрғындардың проблемасын көтеріп келген. Ол мақаласында жергілікті билік өкілдерінің жұмысын сынап, әлеуметтік желілерде белсенді болған.

Фозиловқа "Тәжікстанның конституциялық құрылымын күшпен өзгерту" бабы бойынша айып тағылған. Ол кінәлі деп танылса, бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Журналист өзіне тағылған айыптардың бәрін мойындамайды.

2022 жылы Тәжікстанда жеті журналист және блогер қамауға алынып, жеті жылдан 21 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

XS
SM
MD
LG