Комитеттің 11 мамырда жариялаған мәлімдемесіне сәйкес, биыл Мекке және Мединаға зиярат етуге барғысы келетіндер 5 406 доллар төлеуі тиіс.
Бұл сома зиярат етушілердің негізгі шығынын қамтиды. Оған ұшақ билеті, Мекке және Мединада қонақүйге жайғасуы, үш мезгіл тамақ, гид қызметі, Мина, Муздалифа және Арафат қалаларына түнеу, зияратшылардың құрбандық шалу жоралғысына кететін шығындар, Жидда - Мекке - Мина - Арафат - Муздалифа - Мина - Мекке - Медина бағыты бойынша жолаушыларды көлікпен қамтамасыз ету секілді қызметтер кіреді.
Тәжік азаматтары 10 маусымнан 20 маусымға дейін қажылық сапарға шыға алады. Комитет биылғы қажылықтың бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда арзан екенін мәлімдеді.
Биыл Сауд Арабиясы Тәжікстанға қажылық үшін 7 мың квота бөлген.