Ссылки доступа

Баткенде құрылыс материалдарын сататын кәсіпкерлер наразылыққа шықты 


Баткенде облыс әкімшілігі алдында қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы қақтығыс кезінде қираған үйлерді қалпына келтіру үшін құрылыс материалдарын сатқан кәсіпкерлер наразылыққа шықты.  

Олар Достық ауылын қалпына келтірген өзбекстандық кәсіпкер олардан 7 миллион сомнан астам ақшаға құрылыс материалдарын алып, бірақ төлемей қашып кеткенін, онымен билік қандай келісім құрғанын ашық жариялауды талап етті.

Наразылыққа шыққандар мен президенттің облыстағы өкілінің орынбасары Маруфхан Тулаев кездесіп, екі күн уақыт беруді, Өзбекстанмен байланысып кәсіпкерді табуға кәде етті.

Өткен айда бұл мәселе Жогорку Кеңеште көтерілген.

2022 жылы 14-17 қыркүйекте қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болып, Қырғызстан тарап 8 млрд сомнан астам зиян шеккенін мәлімдеген. Баткен облысы бойынша жалпы 426 үй қираған.

Қанды қақтығыста Қырғызстан 60-тан астам азаматы қайтыс болғанын мәлімдесе, Тәжікстан 41 азаматы қаза тапқанын хабарлаған. Бірақ Озоди радиосы Тәжікстанда қайтыс болған 80-нан астам адамның аты-жөні жариялады.

XS
SM
MD
LG