Ссылки доступа

Өзбекстан президенті қызметіне алғашқы үміткерді экопартия ұсынды


11 мамырда Өзбекстан экология партиясы атқару кеңесінің кезектен тыс пленумы өтті. Онда партияның алдағы съезінде президент қызметіне үміткер ұсыну мәселесі талқыланды.

Өзбекстан президенті қызметіне кандидат ретінде партия басшысы Әбдішүкір Хамзаевты ұсыну жөнінде шешім қабылданды. Бұл туралы ӨзА ұлттық ақпарат агенттігі хабарлады.

50 жастағы Әбдішүкір Хамзаев Сұрқандария облысы Ұзын ауданында туған, Самарқанд ауыл шаруашылығы институты мен Мемлекеттік басқару академиясында оқыған. Экопартия төрағасы болып сайланғанға дейін агроном, профессор Хамзаев партияның атқару комитеті төрағасының орынбасары болып істеген.

Әбдішүкір Хамзаев Өзбекстанда танымал саясаткерлер қатарына жатпайды. 2021 жылғы президент сайлауына экопартия атынан Нарзулла Абламұрадов түскен. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, экопартия өкілі саяси науқанда 4,1 пайыз дауыс жинаған.

Өзбекстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы биыл 9 шілдеде өтеді, ал сайлау қарсаңындағы науқан 10 мамырда басталды.

ОСК партиялар өз кандидаттарын 17 мамырдан бастап 1 маусымға дейін ұсынала алатынын жариялады. Комиссия оларды тіркеуді 6 маусымда аяқтауы тиіс.

XS
SM
MD
LG