Ссылки доступа

Қырғызстанда жанармайды заңсыз сатқандарға қолдау көрсеткен төрт салықшы ұсталды


Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті 15 мамырда жанармайды заңсыз сатып, салық төлеуді жалтарғандардың әрекетін әшкерелегенін хабарлады.

Арнайы қызметтің мәлімдеуінше, қылмыстық топқа салық қызметінің өкілдері қолдау көрсеткен. ҰҚМК мәліметінше, салық қызметінің төрт өкілі ұсталды.

Олар жанармайды шекара бекеттерінен кедергісіз өткізіп, сатылған жанармайдың әр литрінен бір сомнан алып отырған.

Арнайы қызмет мемлекет шығыны мен қылмыстық топты бүркемелеген басқа да күдіктілерді анықтап жатыр.

XS
SM
MD
LG