Ссылки доступа

Самарқандта әйелінен өш алмақ болған ер адам екі баласына қол жұмсаған 


17 мамырға қараған түні Самарқанд облысындағы Тайлақ ауданының тұрғыны кәмелетке жетпеген екі баласын өлтірген. Бұл туралы Өзбекстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақпаратқа қарағанда, 39 жастағы тұрғын Ресейде істеп жүрген әйелінің ашынасымен кездескен видеосын көріп, жұбайлар арасында жанжал шыққан.

Бұл оқиғадан кейін ер адам әйелінен өш алу үшін өзінің 6 және 8 жастағы балаларына қол жұмсап, өмірлерін қиған. Осыдан кейін өзі барып Тайлақ аудандық ішкі істер басқармасына өзі барып, оқиға жөнінде айтып берген.

Күдікті қамалып, бұл факті бойынша "Әдейілеп адам өлтірді" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу ісі жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG