Ссылки доступа

Өзбекстанда күшті жер сілкінісінен алдын ала хабар беретін ұлттық жүйе орнатылмақ 


Өзбекстанда 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап қатты жер сілкінісі туралы алдын ала хабар беру бойынша ұлттық жүйе орнатылады.

Елдің әділет министрлігі хабарлағандай, 18 мамырда "Халықтың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жақсарту бойынша қосымша шаралар туралы" президенттің жарлығы қабылданды.

Ұлттық жүйе аясында Өзбекстандағы және шекаралас аудандарындағы сейсмикалық көріністерге мониторинг жүргізіліп тұрады.

Құжатқа сәйкес, жер қыртысы 5 баллдан жоғары магнитудада сілкінген жағдайда жақын орналасқан сейсмостанциялар арнайы тіркеме арқылы бірнеше секунд ішінде аймақтағы тұрғындарға хабар жөнелтіледі.

Жарлықта 1 тамыздан бастап "Су қоймаларында сейсмикалық бақылау жүргізу үшін электрондық платформаларды" іске қосу қаралған.

Сонымен бірге 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап сейсмикалық белсенді аймақтарда орналасқан қалалардың бас жоспарын арнайы сейсмикалық карталардың негізінде істеп шығу тәжірибесі енгізіледі.

Бұдан бөлек 2023-2024 оқу жылынан бастап елдің барлық білім беру мекемелерінің бағдарламасына жер сілкінісі жағдайында өзін алып жүру ережесі енгізіледі.

XS
SM
MD
LG