Ссылки доступа

Қаңтар оқиғасы: куәгерлердің бірі белсендіге қарсы куә беруге мәжбүрлегенін жеткізді 


Kazakhstan - Civil activists has been released in Semey. (From the left side: third Kenzhebek Sultanbekov). Semey, 02 June, 2016
Kazakhstan - Civil activists has been released in Semey. (From the left side: third Kenzhebek Sultanbekov). Semey, 02 June, 2016

18 мамырда Семейде Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікке айыпталған белсенді Кенжебек Сұлтанбековтің ісі бойынша сот отырысы жалғасты.  

Сотта бұл іс бойынша куәгер болғандардың бірі оны Сұлтанбековке қарсы куә болуға мәжбүрлеп, екі саусағын сындырғанын айтты.

"Сұрау алу кезінде маған Кенжебек Сұлтанбековке қарсы жалған куәлік етуді ұсынып, митингті солар ұйымдастырды, әкімшіліктегі шкафтарды аударды деп айтуым керек болды. Мен бас тартқаннан кейін ұрып-соғып, екі саусағымды сындырды", - деді аты-жөнін ашық айтқысы келмеген куәгер.

Ол митинг кезінде Сұлтанбековтің қандай да бір заңға қарсы істерін көрмегенін айтады.

Сұлтанбеков керісінше ешкімді әкімдікке кіргізбеуге және ешнәрсеге тиіспеуге шақырып жатқанын көрдім. Бұл кезде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бәрі қашып кетіп, ғимаратты өзіміз қорғауымызға тура келді", - деді куәгер.

Ол тәртіпсіздікті басқа адамдар ұйымдастырғанын айтты.

"Оларда полиция қызметкерлерінікіндей камералар болды, бірақ азаматтық киіммен жүрді. Әкімдікте компьютерлерді ақтарып, құжаттарды қарап жатқанын көрдім. Олардың бірін шығаруға әрекет еткенде, ол "полиция қызметкері" екенін айтып, куәлігін сұрағанда қашып кетті", - деді.

Сұлтанбековтің ісі бойынша сот отырысы биыл 18 сәуірде басталған. Тергеу ісіне сәйкес, ол адамдарды билікке бас имеуге шақырған.

Кенжебек Сұлтанбеков өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. Ол 2022 жылдың 6 қаңтарында ұсталып, 1 қыркүйекте ұйқамаққа шығарылды. Белсенді Қаңтар оқиғаларына байланысты қамалған басқа жүздеген адам азапталғанын мәлімдеген.

Кенжебек Сұлтанбеков Семейдегі билікті ашық сынап жүрген белсенділердің бірі. 2020 жылы ол тергеу абақтысында қаза болған Дулат Ағаділдің жаназасына барар алдында ұсталған. 2016 жылы ол "жер акцияларына" қатысқаны үшін 15 тәулікке қамалып шықты.

XS
SM
MD
LG