Ссылки доступа

Германияда тәжік оппозиционерінің отанына депортацияланған ұлын қайтаруды талап еткен акция өтті 


Германиядағы тәжік белсенділері неміс билігінен Тәжікстанға депортацияланған Абдулло Шамсиддинді қайтаруды талап етті. 

Абдулло Шамсиддин Тәжікстанда тыйым салынған "Исламның қайта жаңғыру" партиясының мүшесі Шамсиддин Саидовтың ұлы. Ол Тәжікстанға депортацияланғаннан кейін жеті жылға еркінен ажыратылды.

Шамсиддинді Германияға қайтаруды талап еткен акция Дюсселдорфтың заң шығару мекемесі алдында 17 мамырда өтті. Оған Абдулло Шамсиддиннің әкесі де қатысқан.

29 наурызда халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Германиядан депортацияланған Абдулло Шамсиддин отанында 7 жылға сотталғанын мәлімдеген. Ол "Тәжікстанның конституциялық құқығын күшпен өзгертуге шақырды" бабы бойынша айыпты деп танылған.

Сәуірдің ортасында халықаралық Amnesty International ұйымы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның атына хат жолдап, Абдулло Шамсиддинді тез арада босатуға шақыруға үндеген. Құқық қорғау ұйымдары Шамсиддин "Исламның қайта жаңғыру" партиясының лидері болғандықтан, қуғындалып жатқанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG