Ссылки доступа

Қырғыз билігі "Кемірабад ісіндегі" аштық жариялаған күдіктілердің жағдайын "жақсы" деп бағалады


Қырғызстан жазаны орындау жөніндегі қызметі "Кемпірабад ісіндегі" аштық жариялаған айыпталушылардың денсаулығына байланысты мәлімет таратты.

Мекеме баспасөз қызметінің хабарлауынша, бес адам: Әли Шабдан, Ақылбек Айтбаев, Марат Баязов, Айбек Бұзұрманқұлов және Атай Бейшенбек аштық жариялап жатыр.

Жазаны орындау қызметі таратқан мәліметке қарағанда, олар Атай Бейшенбекті тергеу изоляторынан босатып, Равшан Жеенбеков пен Илгиз Шаменовті камераға қайтаруды талап еткен.

"Аштық жариялаушылардың жағдайы жақсы. Олар су ішеді, кейбірі аздап тамақ іше бастады. Оларды дәрігерлер бақылап жүр. Аштық жариялау денсаулыққа зиян екені айыпталушыларға түсіндірілді", деп хабарлады жазаны орындау қызметі.

"Кемпірабад ісіндегі" айыпталушылардың бірқатары 19 мамырда аштық жариялаған. Олар "психологиялық қысым мен саяси қудалаудан" шаршағанын айтқан. Наразылық акциясын өткізіп жатқандардың мәлімдеуінше, күдіктілердің бірқатарынан негізсіз басқа камераларға ауыстырған, ал Атай Бейшенбекті айып изоляторына қамап тастаған.

2022 жылғы қазанда Қырызстанда 20-дан астам саясаткер мен белсенді жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға оқталды деген күдікпен ұсталды. Белсенділер қылмыстық қудалаудың саяси астары басым екенін мәлімдеп отыр.

XS
SM
MD
LG