Ссылки доступа

Қырғызстанда Сәуір оқиғасына қатысушылар экс-президенттердің елге оралуына қарсы шықты 


23 мамырда Жогорку Кеңеш ғимараты жанындағы 2002 жылғы Ақсый оқиғасы мен 2010 жылғы Сәуір оқиғасына арнап салынған ескерткіш жанында наразылық акциясы өтті. 

Оған Сәуір оқиғасына қатысушылар мен қаза тапқандардың туыстары жиналды. Олар қазіргі билікке үндеу жасады.

"Өкінішке қарай, өткен қанды оқиғалардан сабақ алмайтын күйге жетіп отырмыз. Қазіргі билік тарапынан қоғамды алаңдадатын жағдайлар орын алып жатыр. Билік бұрынғы презиленттер Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиевті ақтауға тырысып жатыр", - дейді наразылық білдірушілер.

Акцияға қатысушылар қанды оқиғаға қатысы бар адамдарды тікелей жауапқа тартуға шақырды.

18 мамырда Қырғызстанға экс-президент Асқар Ақаев пен оның әйелі Майрам Ақаева келді. Қоғам белсендісі Бекболат Талгарбековтің сөзінше, Ғалымдар академиясы мен Политехникалық университетте Ақаевтың арнайы дәрісі өтпекші.

22 мамырда бұл мәселе парламентте көтерілген. Ол кезде білім министрі Қаныбек Иманалиев Ақаевтың лекциясы болмайды деп жауап бермеген.

Асқар Ақаев Қырғызстанда 1991-2005 жылдары басқарды. 2005 жылдың 24 наурызында "Қызғалдақ революциясы" болған. Ол Мәскеуге қашып кетті. Кейін өз еркімен отставкаға кеткен.

Одан кейінгі президент Құрменбек Бакиев 2010 жылдың 7 сәуіріндегі революция елінен қашып кетті. Сәуір оқиғасы кезінде 87 адам қайтыс болды. Ол сырттай 30 жылға сотталған.

15 мамырда әлеуметтік желіде Ақсақалдар кеңесі халықтық құрылтайының төрағасы Қадыр Қошалиевтің Құрманбек Бакиевтен алған сұқбаты жарық көрді. Ол Ұлттық телерадио корпорациясының қызметкері ретінде, "Қырғыз адамы" жобасы аясында бұрынғы президенттермен сұқбат алуды бастағанын айтқан.

Кейін Ұлттық телеарна ішкі тексеру жүріп жатқанын, Бакиевтен сұқбат алу жоспарда болмағанын мәлімдеді.

Бұл сұқбат қоғам тарапынан сынға ұшырады.

XS
SM
MD
LG