Ссылки доступа

"Шекарасыз тілшілер" журналист Хуршед Фозиловқа шығарған үкімді айыптады 


Хуршед Фозилов
Хуршед Фозилов

Халықаралық Reporters Without Borders («Шекарасыз тілшілер») ұйымы Тәжікстанда таяуда сотталған тәуелсіз журналист Хуршед Фозиловқа шығарылған үкімді айыптады. 

Twitter желісінде жарияланған мәлімдемеде, Фозиловқа шығарылған үкімнің әділетсіз екені айтылған.

"Журналист Хуршед Фозилов әділетсіз сот үкімімен жеті жылға сотталды. RSF тәуелсіз журналистерге жүргізіп жатқан қатаң репрессияны айыптайды", - деп жазды.

37 жастағы Хуршед Фозилов тыйым салынған ұйыммен әріптестік орнатты деп айыпталған. Ол сот отырысы кезінде кінәсін жартылай мойындап, шетелдік ақпараттық сайттан қаламақы алғанын, бірақ бұл тыйым салынған ұйымға жатпайтынын жеткізген.

Былтыр Тәжікстанда жеті бірдей журналист пен блогер қамауға алынып, ұзақ мерзімдерге жазаға тартылған.

XS
SM
MD
LG