Ссылки доступа

Ресей СІМ Қырғызстанда мемлекеттік тіл туралы заң жобасының қабылдануына реакция білдірді 


Мария Захарова
Мария Захарова

Ресей Қырғызстан еліндегі тіл саясатын орын тілін қолдауға, оны дамытуға бағыттап жүргізетініне сенгісі келеді. Бұл туралы 2 маусымда Ресейдің сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

Мекеме мәліметіне қарағанда, министрліктің ресми өкілі Мария Захарова Қырғызстан парламенті мемлекеттік тіл жөніндегі заң жобасын қабылдағаны туралы сауалға жауап беріп жатып, ол қырғыз тілін білмегендер қиындыққа тап болуы мүмкіндігін айтты.

"Бұл заң республиканың қырғыз тілін білмеген азаматтарына бірқатар қиындықтар тудыруы мүмкін. Заңның қабылдануы титулды емес халықтың, оның ішінде біздің отандастарымыздың құқықтары бойынша жағымсыз әсер етуі мүмкін екеніне қырғыз әріптестеріміздің көңілін бірнеше рет бұрғанбыз. Әріптестер бұл заң жобасы орыс тілін жоққа шығаруды көздемейді деп сендірді. Сондықтан одақтас ретінде Қырғызстан басшылығы қырғыз тілін дамытумен қатар орыс тілін дамытуға да бағытталған деп сенеміз",- деді Захарова.

31 мамырда Жогорку Кеңеш "Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі жөнінде" конституциялық заң жобасын үшінші оқылымда қарап, қабылдаған. Енді заң жобасы президенттің қарауына жөнелтіледі.

Қырғыз Конституциясында қырғыз тілі мемлекеттік, орыс тілі ресми деген мәртебеге ие деп жазылған.

XS
SM
MD
LG