Ссылки доступа

Қырғызстан ОСК депутаттыққа екі үміткерді тіркеуден бас тартты 


Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы 5 маусымда Бішкектің Ленин ауданынан парламентке үміткер Дамира Ниязалиеваны тіркеуден бас тартып, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға келіскен. Мұндай шешім ОСК отырысында қабылданған. 

Ақпаратқа сәйкес, ОСК-ға Ниязалиева сайлаушылардың дауысын сатып алмақ болды деген шағым түскен.

Бішкек полиция бастығының орынбасары Чинарбек Майлыбеков жоғарыдағы ақпараттың дәлелденгенін хабарлады.

Дәйек ретінде Дамира Ниязалиеваның дауысына ұқсайтын аудио жазбаны келтірген. Онда сайлаушылардың дауысын сатып алу жөнінде айтылған. 29 мамырда Дамира Ниязалиеваның сайлау штабында тінту жүргізілді.

28 мамырда Ленин округы бойынша парламент депутаттағына сайлау өткен. Онда сайлаушылардың 13,9 пайызы қатысқанына қарамастан сайлау өтті деп танылған. Дамира Ниязалиева 35,86 пайыз дауыс жинаған.

Ол осыған дейін Жогорку Кеңеш депутаты, вице-премьер-министр және денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған.

ОСК сонымен бірге Улан Сариевті де үміткерліктен алып тастады. Улан Сариев отырыс кезінде штаб пәтерді жалдауға 25 мың сом жұмсағанын, бұл қаржы сайлау қорына енгізілмегенін мойындаған.

XS
SM
MD
LG