Ссылки доступа

Бішкек әкімдігі: астанадағы су дағдарысын шешуге 500 млн сом қажет


Жогорку Кеңештің 8 маусымдағы отырысында депутаттар Бішкектегі су мәселесін талқылады. Бішкек басшысының орынбасары Жыргалбек Шамырәлиевтің мәлімдеуінше, астанадағы су дағдарысын шешу үшін кемі 500 миллион сом қажет.

Депутаттардың бірқатары Бішкек әкімдігінің кадр саясатын сынады. Балбак Тулобаевтың пікірінше, әкім орынбасарларын жиі ауыстыру астанада жаңа мәселелер туғызады. Дастан Жұмабеков астана басшылығы су тапшылығы болатынын алдын ала біліп, тиісті шара қолдануы керек еді деп есептейді.

6 маусымда Бішкек әкімдігі қаланың оңтүстігінде орналасқан бірқатар мекемелер мен нысандарға су беру тоқтағанын хабарлады. Әкімдік қала тұрғындарына суды үнемдеуге кеңес берді. Кейін қаладағы бірнеше тұрғын аудан сусыз қалғаны мәлім болды.

Қырғызстан астанасында жаз басталғанда су тапшылығы қатты сезіліп жатыр. Бішкектегі "Арча-Бешик", "Ақ-Ордо", "Ақ-Жар" және басқа да аудандардың тұрғындары бір аптадан бері сусыз отыр. Тұрғындар астанада су жоқтығына наразы.

XS
SM
MD
LG