Ссылки доступа

Тәжікстанда бір жылда кәмелет жасқа толмаған 69 бала өз-өзіне қол жұмсаған


2022 жылы Тәжікстанда кәмелет жасқа толмаған 69 бала өз-өзіне қол жұмсаған деп хабарлайды балалар омбудсменінің кеңсесі.

Бұл 2021 жылмен салыстырғанда төрт есе аз көрсеткіш, бірақ сонда да алаңдатарлық жағдай.

Балалар омбудсменінің жылдық есебінде өз-өзіне қол жұмсаған алты баланың психикалық ауытқуы болғаны айтылған. Есебеп 2023 жылы жарияланды.

"2022 жылы төрт адам өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген айыппен сотталды" деп жазылған есепте.

Тәжікстанда жыл сайын жүздеген адам өз-өзіне қол құмсайды. Олардың кейбірі балаларын да өзімен бірге алып кетеді.

Омбудсмен есебінде адамдардың өз-өзіне қол жұмсауына көбіне отбасындағы зорлық-зомбылық себеп болатыны жазылған.

ЮНИСЕФ-тің 2017 жылғы есебінде кәмелет жасқа толмаған балалар көп жағдайда ата-ана қамқорлығын көрмегендіктен өз-өзіне қол жұмсайтыны айтылған.

XS
SM
MD
LG