Ссылки доступа

Қырғыз журналисі Ыдырыс Исаков жұмыс кезінде шабуылға тап болған (видео)


Тәуелсіз журналист Ыдырыс Исаковтың хабарлауынша, 12 маусымда кәсіби жұмысын атқарып жүрген уақытта оған "Ош" пансионатының бұрынғы директоры Маматкәрім Қойчуқұлов қол көтерген.

Оның журналисті шапалақпен бір ұрғаны туралы видеоны Исаков әлеуметтік желілерге жариялады. Журналист Ош облыстық ішкі істер департаментіне арызданған.

"Милиция шағымдандым. Біз бірден 102-ге хабарластық" дейді Исаков Азаттықтың Қырғыз қызметіне.

Оның айтуынша, бұның алдында журналист "Ош" пансионаты туралы материал түсірген, нысанның заңсыз жеке қолға өткені туралы айтқан. 12 маусымда ол осы материалдың жалғасын түсірген.

Маматкәрім Қойчуқұлов бұл туралы не дейтіні әзірге белгісіз.

Ыдырыс Исаков бірнеше жыл бойы Азаттықта істеген. Ол өткір тақырыптарды көтеріп, журналистік зерттеу жүргізген. Оның YouTube-тегі парағына 450 мыңнан астам адам жазылған.

XS
SM
MD
LG