Ссылки доступа

Қазақстанда екі өзбек азаматы құлдықтан босатылды


Өзбекстанның екі азаматын Алматы облысында бірнеше жыл бойы құл ретінде ұстаған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары полицияға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, өзбекстандықтар үш жыл бойы құлдықта болған.

"Алматы облысы полиция департаментінің қызметкерлері 10 маусымда Өзбекстанның екі азаматын құлдыққа салу мақсатында заңсыз ұстап келгенін анықтады. 1986 жылы туған А. есімді күдікті жәбірленушілерді Қарасай ауданының аумағында үш жыл бойы ұстаған" деп жазды полиция.

"Еркінен заңсыз айыру" бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды.

Полиция жүргізген тексеру барысында Өзбекстанның тағы 22 азаматы облыс аумағында құжатсыз жүргенін анықталған. Оларға қандай шара қолданылғаны хабарланбады.

XS
SM
MD
LG