Ссылки доступа

Тәжікстан Франциядан оппозиционер Мухаммадикболи Садриддинді экстрадициялауды сұрады 


Мухаммадикболи Садриддин
Мухаммадикболи Садриддин

Тәжікстан елінде ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып жатқан оппозициянер және Isloh.net сайтының бас редакторы Мухаммадикболи Садриддинді экстрадициялау жөнінде Францияға өтініш білдірді. 

Озоди радиосы дереккөзіне сүйеніп, француз билігі сыртқы істер министрлігінің хатын бірнеше айдан бері қарап жатқанын жеткізді.

Париж реакциясы әзірге белгісіз.

Озоди радиосының қолына тиген хатқа қарағанда, Тәжікстан билігі Мухаммадикболи Садриддинді 2010 жылы ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптап жатыр.

Хатта прокуратура Мухаммадикболи Садриддин Тәжікстанның үш азаматынан жалпы сомасы 430 мың АҚШ доллар ақшаны алдап алғаны айтылған.

Мухаммадикболи Садриддин айыпты "негізсіз" деп атап, керісінше өзіне ірі көлемде қарыз төлену қажеттігін білдірді. Ол тәжік билігі өзіне қылмыстық іс қозғау арқылы өш алып жатыр дейді.

44 жастағы Мухаммадикболи Садриддин Франциядан саяси баспана алған. Соңғы жылдары ол тәжік үкіметінің ісін сынап келе жатқан Isloh.net сайтының бас редакторы қызметін атқарады.

XS
SM
MD
LG