Ссылки доступа

Қырғыз СІМ: Ресейде отандастардан Украинадағы соғысқа мәжбүрлеу жөнінде арыз түспеді 


Қырғызстан СІМ Ресейдегі мигранттардың құқығын қорғаушы Валентина Чупиктің елшілік Украинадағы соғысқа күшпен жөнелтілген қырғызстандықтардың құқығы қорғалмай жатыр деген мәлімдемесін теріске шығарды.  

Чупик "Вот так" каналына берген сұқбатында өзіне маусымның басында үш мигрант қайрылып, оларды мәжбүрлеу арқылы Украинадағы соғысқа бару бойынша келісімге қол қойдырғанын айтқан.

Бірақ ол мигранттардың қай елдің азаматы екенін нақты айтпады. Алайда ол Ресей Украинаға басып кіргеннен бері мигранттардың құқықтарының қорғалуы жөнінде айтып, "Қырғызстан елшілігі азаматтарының соққыға алынуы мен соғысқа мәжбүрленіп жіберіліп жатқаны жөнінде ақпараттарға реакция білдірмей отырғанын" айтқан.

Бұған жауап ретінде Қырғызстан СІМ "бүгінгі күнге дейін Қырғызстанның Ресейдегі елшілігіне де, сыртқы істер министрлігіне де және олардың туыстарынан да Украинадағы соғысқа мәжбүрлеу жөнінде ешқандай арыз түспеді", - деп мәлімдеді.

2022 жылдың 24 ақпанында Путиннің бұйрығымен Ресей Украинаға басып кірді. Сол жылдың қыркүйек айында мобилизация жарияланды. Осыдан кейін Ресейден жүз мыңдаған адам шығып кетті. Тиісінше, жүз мыңдаған адам, оның ішінде орталықазиялық мигранттар, абақтыда отырғандар соғысқа тартылған.

XS
SM
MD
LG