Ссылки доступа

Қырғызстанда "БАҚ туралы" заң жобасын кері қайтару талап етілді 


Қырғызстанда "Медиа полиси институты" президент әкімшілігі әзірлеген "Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) туралы заң жобасының бесінші вариантына анализ жасады. 

Сарапшылар бұл заң жобасы "Тәуелсіз БАҚ-қа қысым жасайтын нағыз құқықтық құрал" болады деген қорытынды жасаған.

"Мемлекеттік органдар ыңғайсыз БАҚ-ты тіркемеуге барынша еркіндік алады. Ал осыған дейін тіркелген БАҚ-тың қызметін тоқтатуға мүмкіндік алады", - делінген "Медиа Полиси институты" жариялаған мәлімдемеде.

Ұйым Конституция сөз бостандығына кедергі келтіретін заңдарды қабылдауға тыйым салатынын ескертті.

15 мамырда президент әкімшілігі "БАҚ туралы" заң жобасын бесінші рет өзгертіп, қоғам талқысына ұсынып отыр.

XS
SM
MD
LG