Рано Жураева екі жоба Самарқанд әуежайының тәжірибесін есепке алып, мемлекеттік-жеке әріптестік шарты бойынша іске асырылатынын мәлімдеді.
"Сонымен бірге Ферғана әуежайын дамыту бойынша бірнеше жобаларды дайындадық. Қазір Ташкент әуежайын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз",- деді ол.
Uzbekistan Airports компаниясы жетекшісі соңғы жылдары Өзбекстан әуежайларын дамытуға 200 млн доллардан астам инвестиция тартылғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір Өзбекстанға 58 әуе компания ұшақтары ұшады және жолаушылардың транзиттік ағымы да өсіп жатыр.