Ссылки доступа

Екатеринбургте тәжіктер арасындағы төбелесте екі адам өлді


Ресейдің Екатеринбург қаласында тәжіктер арасындағы төбелесте екі адам өліп, тағы екі адам жараланды.

Оқиға 12 маусымға қараған түні сағат 3 шамасында, Бардин көшесіндегі "Монетка" дүкені маңында болған.

"Коммерсант" басылымының мәліметінше, Тәжікстан азаматтары арасындағы жаппай төбелеске ақша мәселесі себеп болған. Басылым төбелестен "екі тәжік өліп, тағы екеуі жараланғанын" жазды.

Свердловск облысының полициясы мәліметті растап, кінәлілер анықталғанын хабарлады.

Полиция мәліметінше, күдіктілер Ресей аумағынан шығып үлгерген. Төбелес кезінде Темур Исмоилов пен Хофиз Ниеззоданы пышақтап өлтіргені мәлім болды.

Екатеринбургтегі тәжік диаспорасының төрағасы Фаррух Мирзоев күдіктілер Қазақстан аумағында ұсталғанын айтты, бірақ тергеу органдары әзірге мәліметті растаған жоқ.

"Бәріне ақша кінәлі – біреулер тағы біреулерге қарыз болып қалған. Олар сөйлесуге келген, бірақ соңы төбелеске ұласқан. Екі адам өлген, екеуі ауруханаға түскен. Полиция істі бірнеше сағаттың ішінде ашты" дейді Фаррух Мирзоев.

XS
SM
MD
LG