Ссылки доступа

Бішкек соты оппозициялық саясаткердің әйелін қамауда қалдырды 


14 маусымда Бішкек қалалық соты абақтыдағы оппозиционер Равшан Жээнбековтің әйелі Салқынай Алимбаеваны екі айға қамауға алу туралы аудандық соттың шешімін күшінде қалдырды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.  

Бішкектің Бірінші май аудандық соты 26 мамырда Салқынай Алимбаеваның бөгет шарасын қарап, оны екі айға қамауға алған.

Салқынай Алимбаева 25 мамырда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) тергеу абақтысына қамалған. Арнайы қызмет оған қозғалған іс бойынша мәлімет берген емес.

Күдіктінің адвокаты Разак Ашимбаевтың айтуынша, Алимбаеваға Бішкекте екі жер учаскесінің заңсыз сатылуына байланысты "коррупция" бабымен айып тағылған. Ол оқиға былтыр болғанын, Алимбаева оған қатысы жоқ екенін айтқан.

Оның жұбайы Равшан Жээнбеков қазір Бішкектегі №1 тергеу абақтысында отыр. Ол былтыр 23 қазанда "Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру" бабы бойынша 30-ға жуық саясаткер, азаматтық белсенді тобымен ұсталған.

Жээнбеков Кой-Таш оқиғасы бойынша да айыпталған, бұл іс Бішкектегі Бірінші май аудандық сотында қаралып жатыр.

XS
SM
MD
LG