Ссылки доступа

Тәжікстанда қызмет көлігі өртенген прокурор қызметінен алынды 


Жуманазар Саидахамадзода
Жуманазар Саидахамадзода

Биыл ақпанда Куляб қаласында қызмет көлігі өртенген Хатлон облысы Восей ауданы прокуроры Жуманазар Сайидахамадзода қызметінен алынды.  

Озоди радиосы дереккөзіне сүйеніп хабарлағандай, прокурорды қызметінен алуға тұрғындардың шағымдануы себеп болған.

Тәжікстан бас прокуратурасы бұл бойынша ешқандай мәлімет бермеді.

Озоди радиосының дереккөзіне сәйкес, прокурордың қызмет көлігінің өртенуі оның әділетсіз шешім шығарғанымен байланысты.

"Көлігі өртенген күндері бас прокуратураға Сайидахамадзодаға қарсы арыз келіп тұрған. Восей ауданы прокуроры бір ай бұрын қызметінен алынған", - деген дереккөз.

Биыл 13 ақпанға қараған түні Куляб қаласы Восей аудандық прокуроры Жуманазар Сайидахамадзоданың қызметтік көлігі өртенген.

17 ақпанда Тәжікстанның бас прокуроры Юсуф Рахмон көлікті өртеу күдігімен Восей ауданының бұрынғы нотариусы Жумахон Ганиматзода ұсталғанын мәлімдеген.

"Бұл қылмысты аудандық прокурордың ұсынысымен қызметінен алынған бұрынғы нотариус жасағаны анықталды. Ол прокурордан өш алу үшін көлігін өртеп жіберген. Бұрынғы нотариус ұсталып, тергеу ісі басталды", - деді бас прокурор.

Жумахон Ганиматзодаға қарсы "Мүлікке арнайы зиян келтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Ол кінәлі деп танылса, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге еркінен айырылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG