Бұл құжат Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сәйкес, инсулин және басқа да дәрілік препараттар өндіретін зауыт салуды көздейді. Бұдан бөлек зертхана, оқу орталығы және қоймалар салынады. Бұлардың бәрі Қырғызстан аумағында орналасады.
Қырғызстанда дәрілердің көбі шетелден әкелінеді. Сол себептен бағасы да қымбат.
Былтыр Жогорку Кеңеште қант диабетімен ауыратындарға инсулин жетіспейтіндігі көтерілген.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Қырғызстанда 60 мыңға жуық қант диабетімен ауыратындар бар. Шын мәнінде олардың саны одан да көп болуы мүмкін.