Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл жөнінде Қырғызстанның экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиев Санкт-Петербургта өткен халықаралық экономикалық форумда мәлімдеді.
Басылым мәліметінше, министр "қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, бір жылдың ішінде жүзеге асуы мүмкін" деген.
Аталмыш министрлік бұл жайында нақты мәлімет таратпады.
"Элкарт" ‒ Қырғызстанда ең танымал төлем картасы. Ресми мәлімет бойынша, 2022 жылы 4,3 млн дана төлем картасы шығарылса, оның 60% осы "Элкарт" болған. Ал қалған 40% ‒ Visa төлем картасы жүйесі.
Былтыр Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін РФ банктеріне халықаралық санкция салынған. Нәтижесінде Ресейдің "Мир" төлем картасына көптеген елдер қызмет көрсетпейді.