Ссылки доступа

Тәжікстанның бір азаматы Меккеде қажылықта жүрген уақытта қайтыс болды


Тәжікстанның бір азаматы Сауд Арабиясына қажылықта жүрген уақытта қайтыс болды. Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, Меккеде қайтыс болған Абдулло Шәріповті 19 маусымда жерлеген.

Абдулло Шәріпов Меккеге алты күн бұрын барған. Ол жүрек ауруынан қайтыс болған.

Тәжік азаматының қажылықта жүрген кезде қайтыс болғаны туралы ресми мәлімет әлі жарияланбады.

Қажылық биыл 26 маусымда басталып, 1 шілдеде аяқталады. Тәжік азаматтарының алғашқы тобы 10 маусымда жолға шықса, соңғы топ Сауд Арабиясына 20 маусымда барады.

Тәжікстан азаматтары қажылық сапар кезінде жиі қайтыс болады. Дін комитетінің хабарлауынша, кейінгі айларда Сауд Арабиясында жеті тәжік азаматы қайтыс болған.

Қажылық исламның бес парызының біріне жатады. Мұсылман іліміне сай, жағдайы бар әрбір мұсылман кем дегенде бір мәрте қажылық жасауы тиіс.

Биыл Сауд Арабиясы Тәжікстанға қажылыққа 7 мың квота бөлді.

XS
SM
MD
LG