19 маусымда Ресейдің вице-премьер-министрі Марат Хуснуллин Тәжікстанға келген. Сапар аясында ол парламент төрағасы және Душанбе қаласы әкімі Рустами Эмомалимен кездесіп, Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзодамен келіссөз жүргізбек.
Ресей шенеунігі елінде тәжік мигранттарына қысым күшейіп жатқан тұста келді. Соңғы бір айда Ресейде жүздеген тәжік мигранттары ұсталып, соққыға жығылып, біразы айыппұл төлеген. Олардың көбі Тәжікстанға депортацияланған.