Ссылки доступа

Құмтөр ақшасын ұралады деген күдікпен тағы екі шенеунік ұсталды


Қырғызстанда табиғатты дамыту қоры аясында жемқорлық жасады деген күдікпен тағы екі адам ұсталды. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет хабарлады.

Арнайы қызмет мәліметінше, 15 маусымда "Ақ-Жол – автожол" шекара бекеті арқылы елден кетуге оқталған күдікті ұсталды. Ол - табиғат ресурстары министрлігі Шу аймақтық басқармасының директоры.

18 маусымда "Манас" әуежайында табиғи ресурстар министрінің бұрынғы орынбасары И.Б.М. ұсталды.

Тергеу нұсқасы бойынша, ұсталғандар "бірнеше жобаны қорғай отырып, солардан бюджет ақшасын шығарып отырған". Ұсталғандар арнайы қызметтің тергеу изоляторына қамалды.

Бұның алдында ҰҚМК табиғи ресурстар министрлігінің Құмтөр есебімен құрылған табиғатты дамыту қорында жемқорлық анықталғанын хабарлаған. Қор директоры мен бас маманы ұсталған.

XS
SM
MD
LG