Ссылки доступа

Қырғызстанда "Үкіметтік емес ұйымдар туралы" заң жобасын қайтарып алуға қол жинау басталды 


Change.org порталында қырғызстандықтар "Үкіметтік емес ұйымдар туралы" заң жобасын қайтарып алуға қол жинауды бастады. 

Петицияда егер заң жобасы қабылданған жағдайда, қарапайым азаматтық белсенділіктің өзі қылмыстық жауапкершілік болып саналуы мүмкін екені, бұл тәуелсіз медиа мен сөз бостандығын жоюға алып келетіні айтылған.

"Мұның бәрі денсаулық сақтау мен білім беру саласына да, ауыз су мәселесі мен мемлекеттік қызмет көрсетуге де қатысты болады. Біз Қырғызстан азаматтары, "Үкіметтік емес ұйымдар туралы" заң жобасын кері қайтаруды талап етеміз. Біз биліктен конституциялық міндеттер мен халықаралық талаптардың орындалуын, сөз бостандығының, үкіметтік емес ұйымдар мен Қырғызстандағы азаматтық қоғамның қорғалуын талап етеміз", - делінген петиция авторлары.

19 мамырда "Үкіметтік емес ұйымдар туралы" заң жобасы мен Қылмыстық кодекске өзгерістер мен түзетулер енгізіліп, қоғамдық талқыға шығарылған. Онда шетелден грант алатын ұйымдарды "шетелдік өкіл" деп атау жазылған. Сонымен бірге үкіметтік емес ұйымдарға жауапкершілік күшейтілген.

XS
SM
MD
LG