Ссылки доступа

Қырғыз депутаттары вице-премьер Еділ Байсаловты қызметтен алуды талап етті


"Ата Жұрт Қырғызстан", "Ишеним" және "Мекенчил" фракциялары Жогорку Кеңешке үкімет басшысының орынбасары Еділ Байсаловты қызметтен алуды ұсынды.

Бұл туралы спикер Нұрланбек Шәкиев парламент отырысында хабарлады.

Фракциялар ұсынысы бейсенбіде талқыланатын мәселелерге қосылған деп жазды жергілікті ақпарат құралдары.

Бұның алдында әлеуметтік саясат жөніндегі комитет отырысында шенеунік депутаттармен ұрысқан. Еділ Байсалов депутаттар үкімет ісіне араласпауы керек деп мәлімдеп, оларды қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыптаған. Депутаттар вице-премьер сөзіне ызыланып жүр.

Парламенттегілер Еділ Байсаловты қызметтен алуды бұған дейін де талап еткен. Ал бейсенбі күні Жогорку Кеңеш отырысында депутат Шайлообек Атазов шенеунікті мемлекетке опасыздық жасады деп айыптады.

XS
SM
MD
LG