Ссылки доступа

Қырғызстанда аймақтық арналар қызметкерлерінің үш ай кешіккен жалақысы төленді


Қырғызстан ұлттық телерадиокорпорациясы 23 маусымда Азаттықтың Қырғыз қызметіне аймақтық БАҚ қызметкерлерінің үш айлық жалақысы толық төленгенін хабарлады.

Мәліметке қарағанда, ақша 12 маусымда түскен соң жұмысшылардың сәуір, мамыр және маусымдағы жалақысы бірден аударылған.

Аймақтық телерадиокомпанялар қызметкерлерінің айлығы кешігіп жатқаны Жогорку Кеңеште де сөз болған. 7 маусымда депутат Бақтыбек Чойбеков: "Үш ай бұрын аймақтық компаниялар мәдениет министрлігі құрамынан алынып, ұлттық телерадиокорпорация құрамына өтті. Қызметкерлер айлық ала алмай жүр. Олардың кейбірі пәтер жалдап тұрады, несиесі бар. Көбісі қарызданып қалған. Реформаны сылтауратып айлықты кешіктіруге болмайды" деп мәлімдеген.

Қызметкерлер де бұның алдында жалақы ала алмай жүргенін айтқан.

Аймақтық арналар бұған дейін мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігіне қараған, кейін ұлттық телерадиокорпорация құрамына өткен.

XS
SM
MD
LG