Ссылки доступа

Өзбек билігі Германияда қиын жағдайда қалып қойған жастарға қатысты пікір білдірді 


Өзбекстанның жұмыспен қамту және кедейшілікті қысқарту министрлігі Turon World Cooperation ұйымы бірқатар ұйымдармен бірлесіп, мамыр-маусым айларында Германияға 102 студентті жіберіп, бірақ бұл елге барған студенттер қиын жағдайға тап болғанын мәлімдеді. 

Ақпаратқа қарағанда, бұл факті бойынша тергеу ісі жүріп жатыр.

Өткен аптада блогер Никита Макаренко 300-ге жуық өзбекстандық Германияға жіберген фирманың "құрбаны" болғанын мәлімдеген. Оның сөзінше, студенттерді Ferienjob бағдарламасы аясында (америкалық Work and Travel бағдарламасы секілді) жұмысқа тұрғызуға уәде берген.

"Олар қазір вокзалда түнеп жүр", - деген ол.

Өзбекстанның Франкфурт-на-Майнедегі Бас консулдығы Германияға келген азаматтар туралы мәлімет түскенін хабарлады.

"Өзбек дипломаттары “Хумо” өзбек-неміс мәдени қоғамы мұқтаж болған 35 азаматқа керекті көмек көрсетті", - деп мәлімдеген.

Өзбекстанның Берлиндегі елшілігі және Бас консулдығы жағдайды бақылауға алып, тиісті органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

XS
SM
MD
LG