Ссылки доступа

Қырғыз депутаттары қаржы операцияларын тек қана ұлттық валютамен жүргізуді ұсынды


Жогорку Кеңештегі бір топ депутат "Қырғыз Республикасының ұлтық валютасы туралы" заң жобасын қоғам талқылауына ұсынды. Құжат парламент сайтында жарияланды.

Заң жобасы ұлттық валютаны шетелде басып шығаруға тыйым салуды қарастырады. Әзірге мұндай тыйым жоқ, ұлттық валюта Франция мен Ұлыбританияда басылады. Алайда жақында президент Садыр Жапаров Қырғызстан банкноттар басып шығара бастайды деп мәлімдеген.

Депуттаттар ұсынған заң жобасына сәйкес, Қырғызстан аумағында соммен ғана есептесуге болады, ал тауарлар мен қызметтер құнын шетел валютасымен белгілеуге тыйым салынады.

Дегенмен тауар импорттау мен экспорттаумен айналысатындарға шетел валютасымен сауда жүргізуге, несие алуға рұқсат беріледі. Сауда экономикалық аймақтарында шетел валютасымен есептесуге тыйым салынбайды.

Қырғызстан билігі 2016 жылы қарсы жүйесін долларға бағынбайтындай етіп өзгертуді қолға алған. Сол кезде Қырғызстанда ұлттық валютамен ғана есептесуді міндеттейтін заң қабылданған. Алайда нарықта әлі күнге дейін доллармен, еуромен есептесетіндер көп.

XS
SM
MD
LG