Мекеме мәліметіне қарағанда, аудандық әкімдіктің бейбіт жиындарды өткізуді шектеу жөніндегі шешімді заңды деп тану жөніндегі арызы 29 шілдеде қаралып, қанағаттандырылған.
Енді сот шешіміне сәйкес, қаланың орталық бөлігіндегі бірқатар жерлерде митинг-пикет өткізуге 30 қыркүйекке дейін рұқсат берілмейді.
31 наурызда Бірінші май аудандық соты митинг-пикет ұйымдастыруға 30 маусымға дейін тыйым салу шешімін заңды деп тапқан болатын.