Қор сайтындағы ресми мәліметке қарағанда, бастапқы лот құны – 14,6 млрд сом (шамамен 167 млн). Электронды аукционға қатысушылардан өтініш қабылданып жатыр. Аукцион 2 қазанда өтеді.
Аукционға қатысқы келетіндер кепіл жарна ретінде нысан құнының 10 пайызын, яғни 1 млрд 460 млн сом өткізуі тиіс.
"Альфа Телекомның" 2,5 млн абоненті бар. Компания 8 млн 700 мың 100 акцияға ие.
Еске салайық, наурызда "ПолитКлиника" басылымы "Альфа Телекомды" бұрынғы президент Құрманбек Бәкиевтің ұлы Максим Бәкиевке жақын адамдар алғысы келетінін жазған.
Жогорку Кеңеш депутаты Жанарбек Ақаев компанияны тым арзанға сатып жатқанына алаңдап, прокуратурадан осы мәселені анықтауды сұраған.
"Мега" ұялы байланыс операторы табысы жағынан "Құмтөр Голд Компанидан" кейінгі екінші мемлекеттік кәсіпорын. Мәліметтерге қарағанда, 2022 жылы "Альфа Телеком" бюджетке шамамен 1 млрд сом табыс түсірген.