Ссылки доступа

Қырғызстанда ресейлік әнші Григорий Лепстің концерті өтпейтін болды 


Қырғызстанда Ыстық көлде ресейлік әнші Григорий Лепстің жоспарланған концерті болмайтын болды. 

Бұл ақпаратты Азаттыққа шараны ұйымдастырушылар жеткізді. Себебі қоғам арасында наразылық көп болды деген.

Лепстің концерті 2 тамызда өтуі тиіс болған. Шара өтетіні жайында жарнамалана басталғаннан қарсылықтар күшейген.

Саясаттанушы Алмаз Тәжібай Қырғызстан Ресейдің Украинаға соғысында бейтараптық ұстанатынын айтып, сол себептен елде соғысты қолдайтын әншілердің концерті өтпеуі тиіс дейді.

Осының алдында 23 қазанда Өзбекстанда жоспарланған концерт те өтпейтін болған. Оған дейін Қазақстан да бас тартқан.

Ресейлік әншілер Григорий Лепс пен Николай Басков бірнеше апта бұрын батыс елдері берген танкілерді қиратқан орыс әскеріне бір миллион рубль көмек береміз деген.

XS
SM
MD
LG