Стокгольм еркіндік орталығының (SCF) Bold Medya ақпарат порталына сілтеме жасай отырып мәлімдеуінше, Эмсал Коджды Түркия билігі Фатхулла Гүлен қозғалысына қатысы бар деген күдікпен ұстаған. Анкара Гүленді мемлекеттік бүлік жасауға талпынды деп айыптап отыр. БАҚ мәліметінше, Эмсал Кодж арнайы қызметтің операциясы барысында Түркияға жеткізілген.
Күдіктінің әйелі Фируза Худойдодованың айтуынша, 2 маусымда үш адам күйеуін жұмыс орнында ұстап, күшпен көлікке отырғызып, белгісіз жаққа алып кеткен. Оның айтуынша, сол күні Эмсал Коджды Душанбе әуежайында тәжік милиционерлері ертіп жүргенін көрген.
Фируза Худойдодова видеокамерадағы жазбаны және басқа да дәлелдерді жергілікті билікке және БҰҰ-ның Тәжікстанадғы өкілдігіне тапсыратынын айтты. "Күйеуімді заңсыз Тәжікстанға алып кетті. Мен оны тез арада босатуды талап етемін" деп жазды Фируза твиттерде.
Кейін Эмсал Кодж Түркияның солтүстік-шығысындағы Эрзурум провинциясында тергеу изоляторының бірінде отырғаны мәлім болды.
Тәжікстан билігі Эмсал Кодж жоғалғаны туралы мәліметке ешқандай реакция білдірген жоқ.
Bold мәліметінше, Эмсал Кодж 1994 жылдан бері Тәжікстанда тұрады. Ол 2017 жылға дейін Гүлен қозғалысына тиесілі мектепте жұмыс істеген. Фетхулла Гүлен жақтастары тәжік-түрік мектебін қаржыландырғаны мәлім. Еске салайық, тәжік-түрік лицейлері кейін дарынды балаларға арналған мектептерге айналды.
Эмсал Кодж "Диалог" ғылыми-мәдени оратылығын басқарған. 2016 жылы Тәжікстан билігі оның жұмысын тоқтатқан. Сол кезде Кодж "Диалог" Түркияға да, Гүленге де қатысы жоқ ұйым екенін айтқан.